15
январь
2026
“Бір бағыттағы қуып жету қозғалысы”



🔰Иван Трубицын атындағы №17 ЖОББМГ да аудандық “Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” тақырып аясында бастауыш сыныптар арасында ашық сабақ көрсету айлығында 15.01.2026 ж.күні 4 “Ә” сыныбында математика пәнінен “ Бір бағыттағы қуып жету қозғалысы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌 Бір бағыттағы қуып жету қозғалысына берілген есептерді V жақ=V1-V2 формуласына сүйене отырып есептерді шығаруды үйрену.
Сабақ барысында заманауи педагогикалық әдіс, тәсілдерді, ЖИ қолданды. Сабақта оқушылар тапсырмаларды жұптық, топтық, жеке тапсырмаларды белсене орындады. Саралау тапсырмасыда берілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін, тәртіптерін, сырт келбеттерін, көрсете білді және өз ойларын жеткізді. Оқушылар әр тапсырмаға жауап беру барысында өз-өздерін бағалау парағына белгілеп, тиісті балын қойып, сабақ соңында балдарын есептеп “3-2-1” әдісімен кері байланыс берілді. Сабаққа қатысушы ұстаздар сабақты оңынан бағалады.