15
январь
2026
11 сынып білім алушыларына Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетімен танысуы

🔰2026 жылдың 15 қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясына Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің «Педагогика» факультетінің деканы Нурбеков Талғат Балтабекович, қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі Беркенова Рабиға мен шетел тілі кафедрасының меңгерушісі Ұлтай Нурманалиева 11 сынып білім алушыларына университетпен таныстырып бейне ролик көрсетіп және де грант түрлерімен таныстырып, үгіт насихат жүргізді. Мақсаты: 11-сынып білім алушыларына жоғары оқу орындары туралы нақты ақпарат беру, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің білім беру бағдарламаларымен, «Педагогика» факультетінің бағыттарымен және мемлекеттік білім гранттарының түрлерімен таныстыру, оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына ықпал ету, кәсіби бағдар беру жұмыстарын күшейту және жоғары білім алуға деген қызығушылығын арттыру.