Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында Мектеп ауласында шырша ағаштарын отырғызу салтанатты жиынына ақпарат
Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында
Мектеп ауласында шырша ағаштарын отырғызу салтанатты жиынына
ақпарат
2019 - 2018 оқу жылы
Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 15 наурыз күні мектеп ауласында шырша ағаштарын отырғызу салтанатты жиыны болып өтті. Мерекелік жиын мемлекеттік әнұранмен басталды. Мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызына сөз берілді. Ол оқушыларды құттықтап, ата-аналарына мың алғыс айтты. 2 «А» сынып оқушыларының «Гүлдер» биімен жалғасты. Мектебімізде ұйымдастырылып өткізілетін көп дәстүрлеріміздің бірі - осы ағаш отырғызу дәстүрі.
Ертеңгі күннен бастап ресми түрде Республикамыздың барлық мектептеріндегі «Наурыз» мерекесі тойланады. Ұлыстың ұлы күні аталған мерекеде жөнінде Елбасы ел дамуының кепілі ретінде белгілеп берген бірлік,татулық, отбасын қастерлеу сияқты адамзаттық құндылықтарға құрылғандықтан Наурыз мейрамының рухани – мәдени тәрбиелік мәнін іс жүзінде өмірге енгізген. Бұл мақсатта Наурыздың сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр салтты жаңғыртатындай рухани іс шараларды қалыптастыру баршылық.
«Артыңда мал қалмаса да, тал қалсын» деп бабаларымыз айтқанындай, ауданымыз бен ауылдарымыз жасыл желекке оранып, көркейе берсе, одан бәріміз де ұтарымыз оқушыларға өнеге болды. 11 «Ә» сынып оқушысы Жас ақын Қадыркулова Жанелдің «Жасай бер , Қазақстан» атты әні орындалды. Жалпы жиынның негізгі сәті шырша ағаштарын отырғызу. Мектеп айналасына 20 түп мәңгі жасыл шырша ағаштары отырғызылды. 250 түп гибискус гүлдері отырғызылды. «Бәріміз біргеміз, берік іргеміз» ұрандарымен отырғызылды. Мектебімізге арнайы отырғызылған шырша ағаштары Отанымызға, туған жерімізге деген отансүйгіштік сезіміміздің бір ғана көрінісі. Кең дала – Қазақстан, әні 3 «А» сынып оқушысы Марат Жанерке орындады.
Сол бір игі шараның бірі тал егу. Біздің мектептің түлектері 4,9,11 сыныптар «Наурыз» мерекесіне орай тал егу мектептің ауласына отырғызылды. Мектебімізге 20 шақты шырша ағаштары отырғызылды, қонақтар шақырылды, Меркі ауданы әкімі Өмірбеков Мейірхан Азатұлы, Ауданымыздың ардагері Жумалиев Казихан, Жамбабаева Бектурган Шайдуевич, Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Есенов Сакен Бөрібайұлы, Мектебіміздің демеушісі, бір кабинет сыйға тартқан Ахметов Бағдат Серікұлы, Ата таналар комитетінің төрайымы Зарипов М.С. қонақтар қатарында болды. «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы: Жексенбі Ринат «Қазақстан» атты ән оқыды. Салтанатты жиын осымен аяқталды.
Мектеп директоры: Тлеубердиева Г.Е.