«Шын жүректен алғыс айтамын» - атты 1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған мерекелік жиын өткендігі туралы акпарат
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы
«Шын жүректен алғыс айтамын» - атты 1 Наурыз Алғыс айту күніне арналған мерекелік жиын өткендігі туралы акпарат
2018-2019 оқу жылы
2019 жылдың 1 наурыз күні мектеп фойесінде мерекелік жиын өтті. Жиынға 10-11 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, ұстаздар қатысты. Мерекелік жиынды ашып алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының, Қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Ең алғашқы кұттықтау сөз кезегін мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызына берілді, ұстаздарды, оқушыларды шын жүректен құттықтап, өмірде сәттілік тіледі. 10 «В» сынып оқушысының Базарбаева Мерейдің әні шырқалды.