Мереклік жиын 04.02.2019
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы
2019 жылдың 4 ақпан күні 9-10-11 сынып оқушыларының арасында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынды ашу үшін ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалды. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Келесі жылды жастар деп жариялап, іс – шаралар өткізуі керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдануымыз керек», - деді елбасы. Келесі кезекте мектеп мақтанышы Бекназаров Абылайдың «Қазақстан» атты өлең жолдарын қабыл алыңыздар. Мектеп – үлкен өмірге жол бастайтын киелі шаңырақ. Сондықтанда халқымыз қашанда білімнің парқын жоғары бағалаған. Ұлттық құндылықтарымыздың ұлы мұратын қалыптастыруда алтын діңгек болып отырған біздің мектептің оқушылары үлкен белестерді бағындырып, зор жетістіктерге ие болды. Сөз кезегі мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызына берілді. Елбасымыз халыққа жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр»- деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету жастар мына сендердің қолдарында! Деп сенім артты. Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан!, - демекші салтанатты жиынымыз аяқталды.