Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиынына ақпарат.
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиынына ақпарат.
2018 жылдың 14 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылдау жиыны мектеп дәлізінде өткізілді. Тәлімгер Коканбаева А.К. ұйымдастырумен өткізілген, Мерекелік жиынға 5 сыныптар орыс және қазақ сыныптарынан 130 оқушы қатысты. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Н.Ә. Назарбаевтың құрылған біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына бүгінгі салтанатты қабылдау рәсіміне 5 ші сыныптар арасындағы ең белсенді әрі озат оқушылар қатысты.Мерекелік жиында 2 «А» сынып оқушысы Байбосын Нурислам «Қазақстан» әні орындалды. Ұлан басы Жексенбі Ринат Ант берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ярных Юлия Михайловнаға берілді. Оқушыларды тәуелсіздік күнімен құттықтап, оларға отанын, елін, жерін сүйетін азамат болуларын айтып өтт. 5 «А» сынып оқушысы Бабалы Айжанның орындауында «Мен қазақпын» әні орындалды. 5 «В» сынып оқушысы Бондарчук Виктор «Отан» туралы тақпақтарын оқыды. Осылайша мерекелік жиын соңына жетті.
2018 жылдың 15 қараша күні Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай 16 желтоқсан қарсаңына қарай «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Халықтар достығы» тақырыбында фестиваль өткізілді. 5 сыныптар фестивальға белсене қатысып, әр ұлттың салт дәстүрін көрсетті. Әзірбайжан, түрік, орыс, карис, өзбек, қазақ ұлттарының салт дәстүрімен таныстырды. Әр ұлттың тағамдарын дайындап келіп, елбасымен, адет ғұрпымен таныстырды. Өз өнерлерін көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ярных Ю.М. Тәуелсіздіктің 27 жылдымен құттықтап, сабақтарын жақсы оқуына, еліміз аман, тыныш болсын деп өз сөзін корытты.
2018 жылдың 11 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында концерттік іс –шара өткізілді. 2 «Г» сынып оқушыларының сынып жетекшісі Мамбеталиева Л.Р. өткізді. Концерттік іс –шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Қыздары «Агугай» қазақ биін биледі. Тақпақтар Отан, Туған жер, Қазақстан жайында айтылды.
Мектеп директоры: Тлеубердиева Г.Е.