Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық - гигиеналық режимді талдау. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық - гигиеналық режимді талдау.
23
сентябрь
2022

Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық - гигиеналық режимді талдау.

№ 17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы 

Оқушыларды тамақтандыру мен санитарлық - гигиеналық режимді талдау.

Анықтама 

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. 

Мектеп оқушыларының бойында салауатты өмір салты негіздерін қалыптастырумен  айналысу қажеттілігі бірқатар маңызды себептерге негізделеді:

  • адам денсаулығының іргетасы бала жасынан қалыптасады, сәйкесінше, денсаулық сақтау бойынша әдеттері мен дағдыларын, денсаулыққа құндылықты қатынастарын аталмыш кезеңде қалыптастыруды бастаудың мақсаттылығы жоғары;
  • осы жаста салауатты өмір салты негіздері бала арнайы жобаланатын қызмет барысында меңгеретін нормалар мен ережелер жинағы ретінде қалыптасады;
  • адам дамуындағы мектептегі кезең адам ағзасының даму ерекшеліктері туралы, денсаулықты сақтау мен дамыту әдістері мен факторлары туралы негізгі білімді қалыптастыру үшін сезімтал болып табылады.

Мектепте тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Мектеп медбикелері жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.  

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.  Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамту 44,6 %, ал орта буын және жоғары сыныптарда 55,3 % құрайды.  

       № 17 жалпы  орта білім беретін мектеп гимназиясында  оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

  • әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды  тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;
  • мектептің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;
  • қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;
  • тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылдайды.

Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар-71;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар – 0;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар - 5;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар - 0;

5) Бесінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 71.

Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған. Бракераж комиссиясының құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкерлер.

Комиссияның  міндеттері:

  • балалардың тамақтануын ұйымдастыруды және тағамдар сапасын (тамақтану режимі, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау) бақылауды жүзеге асыру;
  • тамақтандыру кәсіпорнымен қызмет көрсету бойынша жасалған келісім-шарт талаптарының сақталуын қоғамдық қадағалау;
  • оқушылар мен ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • оқушылар арасындағы тұтынушылық сұранысты талдау;
  • комиссияның жұмыс жоспарын жасау, оны мектептің әкімшілігімен келісу.


        Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.


Ұсыным: 

  • әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  • тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;
  • оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;
  • жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;
  • тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;


                                                                                                      Байгашева В.Т.

қырқүйек 2022

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив