Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат
27
сентябрь
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АҚПАРАТ

       2022 жылы 27 қырқүйек  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.  

      Мектеп асханасында  желтоқсан айында 147 білім алушы тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық.   Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді.  Қол жуатын раковиналар таза,  қол кептіргіштер жұмыс істеп түр. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады,  қайнаған салқындатылған су әр үш сағат сайын  құйылады.    Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур, бірақ тексеру барысында тауар көршілестігі сақталмаған.  Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады. Пісіру цехында персоналдың қолын кептіру үшін  бір реттік (қағаз) сүлгілер пайдаланады.   Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар, қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.   

Тексеру барысында анықталған кемшіліктер: 1.Тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталмаған. 2.Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкаф қарастырылмаған. 3.Мектептің материалдық базасында персоналға арналған душ бөлмесі қарастырылмаған. 4. Қол жуатын раковиналарда сұйық сабынның ыдысы босап қалған. 5. Еркін мәзірге арналған прайс лист бекітілмеген


Ұсыныс: 1. Тоңазытқыш жабдығының санитарлық жағдайы ұнемі бақылауда үстау, тауар көршілестігін сақтау  аспазши Жантаева А. және  медбике  Д.Батиеваға жүктеу;

                2.Қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған шкаф қарастыруды ДШЖО  Д.А.Курманалиевке міндеттеу:

                3.Қол жуатын раковиналарға сұйық сабын қойылсын.

                4. Еркін мәзірге арналған прайс лист бекітіліп, ілінсін

               - Анықталған кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күнін ұсыну


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив