26
май
2022
«Қош бол алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиын өтті.
2022 жылдың 25 мамыр күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының алаңында «Қош бол алтын ұя мектебім» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп түлектері және 7-8-9-10 сынып оқушылар мен сынып жетекшілер қатысты. Биылғы жылы 111 жас түлек мектеп бітіріп отыр. Мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Мухитдин З.С., Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Байтулекова Ж.Б., «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің филиалының төрайымы Асанжанова М.Б.,қонақтар қатарында болды. Ең бірінші кезекте мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызына сөз кезегі берілді. Оқушыларды құттықтап, ҰБТ дан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді, жас түлектерге сәт сапар тіледі. Олар балалықтың бал бақытты күндерін бастауыш мектепте өткізіп, жоғары мектеп қатарында бозбала мен бойжеткен болып бой түзеп, ер жетті. Биылғы жылы мектеп бітірушілер ерекше жылда түлек атанбақ. Біздің мүмкіндігімізге, талабымыз бен талантымызға сенімді болған Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаев осы 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Балалар жылын жариялау арқылы балалардың жан-жақты дамуына ықпал жасап, болашағына қызмет етуін, халқына пайдасы тиер азамат болуын мақсат тұтады. «Еркем ай» бишілері «Қазақ би» биледі. Бастауыш пәнінің мұғалімдері Мамбеталиева Л.Р және Тетюхина Н.В. шақырылып, құттықтау сөз кезегі берілді, олар жас түлектерді құттықтап, 11 жыл білім берген ұстаздарын ұмытпауға, сыннан сүрінбей өтулеріне, сонымен қатар ақ жол тілеп, өз лебіздерін білдірді.
1 сынып оқушылары тақпақ айту арқылы өз тілектерін білдіріп, «Барбариска» биін билеп өнерлерін көрсетті.
11 «Д» сыныбын сынып жетекшілері, екінші аналары болған Копбосунова М.К., 11 «Ә» сынып жетекшісі Турарова А.М. сөз кезегі берілді. Сынып жетекшілері жас түлектерге сәт сапар тілеп, өздерінің жылы ықыластарын білдірді.
«Оқушыларды қорытынды аттестациялау мен емтиханға жіберілуі туралы» бұйрығын таныстыру кезегі мектебіміздің оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Абдекова М.М. берілді. Мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы түлектерге арналған мадақтамаларын тапсырды. Қымбатты түлектер! Ата – аналардың қолдарыңнан жетелеп осы мектептің табалдырығынан сендерді білімді, сауатты, өнерлі, ақылды, алғыр болса екен деген үмітпен жетелеп әкелген еді. Содан бері 11 көктем, 11 демалысты жаз, 11 алтын арманға толы күз бен 11 қызықты қыс өтті. Кең даланың құлпырған қызғалдақтарындай болып, өмірдің жылы лебімен, әке-шешенің тәрбиесімен бүгін өрімтал жастар болып ер жеттіңдер. Алдарыңда үлкен сын сағаты тұр. Сендерге қалың ел, ұлағатты ұстаздар, аяулы ата-аналар, тілектес туыстар мен ниеттес достарың үміт артып, бақ тілеуде! Айналайын, өскелең жас түлектер, армандарың орындалып, тағдырларың тәтті, өмірлерің сәтті болып, бастарыңа бақ қонып, бақыттарың ұзағынан сүйіндірсе деп тілейміз! Жас түлектерге сөз кезегі берілді. 11 «Г» сынып оқушысы Ерен Марлен, 11 «В» сынып оқушысы Раимбаева Гузаль өздерінің ізгі тілектерімен алғыстарын жеткізді. Ары қарай салтанатты жиын жас түлектердің қоштасу мектеп вальсімен жалғасты.
11 «Б» сынып оқушысы Тельманов Тимур мен 11 «Б» сынып оқушысы Әбдіғали Нұрсерікке соңғы қоңырауды сыңғырлатты. Арман тілектері орындалу үшін жас түлектер өздерінің шарларын ұшырды.