01
сентябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Кел, балалар оқылық»
2021 жылдың 1 қыркүйегі күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп - гимназиясында 2021 – 2022 оқу жылының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Кел, балалар оқылық» атты салтанатты жиынға мектебіміздің 1 сынып аралығындағы оқушылар, ұстаздар, ата-аналар және қонақтар қатысты. Салтанатты жиында 2021 оқу жылы баршамыз үшін маңызды тарихи оқиғаларға, яғни Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығы және ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклортанушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл толуымен тұспа тұс келіп отыр.Тарих үшін қас – қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақытта емес секілді.
1 қыркүйек – «Білім күніне» 2-11 сыныптар арасында мектепішілік тәрбие сағаты өтті. Ең алғашқы сабақтың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері!». Салтанатты жиында ортаға 1 сынып оқушылары шыққан соң мемлекеттік гимнің орындалуымен ашық деп жарияланып, мың бұралған мектебіміздің бүлдіршіндері әсем билерімен ұласты. 1 сынып оқушылары мектеп, ұстаздарына арналған тақпақ, әндерін айтып көпшіліктің көңілінен шықты. Және де 1 «Ә» сынып оқушысы Алтынбек Алинаның «Әліппе» әнімен ұласты.
Салтанатты жиынға келген қонақтар қатарында Меркі ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Бопиева Сапаркүль Тұрғынбайқызы мен мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қыпшақбаев Санат Көптілеуұлы қатысты.
Мектеп директоры Тлеубердиева Гүлжан Ержанқызы оқушыларды, ата-аналарды және ұстаздарды Білім күнімен құттықтап алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Және де кішкентай бүлдіршіндерге «Әліппе» кітаптарын мектебіміздің директоры, қонақтары мен мектеп әкімшіліктері таратып, үлестіріп берді.
Жаңа 2021-2022 оқу жылына баршаңызға құтты болсын! Жаңа оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін!