Ата-ана бақылауы
Өскелең ұрпақтың амандығы - ата-ана мен мемлекеттің ең басты міндеті. Адам денсаулығының негізі мектеп жасында қалыптасады. Тамақтандыру мәселелері бойынша қоғамдық тамақтану қызметтерінің сапасын арттыруда ата-аналардың көзқарасы да өте тиімді.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында өткен «Ата-ана бақылауы» мектеп оқушыларының ата-аналарына балаларының немен және қалай тамақтанатынын жеке тексеруге, тамақтың сапасын, тамақ беру температурасын, тамақтану ережелерінің сақталуын бағалауға мүмкіндік береді.
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зарипов Мухиддин Садретдинұлы, ата-аналар комитетінің мүшелері Мұсаева Тамара Наурызқызы, Пашаева Мехрибан Хасанқызы, Әшімбеков Марат Жақсылықұлы мектеп асханасының жұмысын қарады. Асхана қызметкерлері тағамның қалай сақталатынын, пісіру үрдісі қалай жүретінін көрсетті. Тексеру барысында ата-аналар СанПин нормаларының талаптарына сәйкес ас мәзірін, асханада ағымдағы күнге ілінген мәзірдің, жиектері кесілген ыдыс-аяқтың, «Дайын аспаздық өнімдердің бракеражы» журналының болуын тексерді. «Асхана қызметкерлерінің денсаулығын сақтау» журналын, медициналық қобдишаны, ауыз су режимін ұйымдастыруың, дайындалған тағамның сапасының тексерді. Кемшіліктер анықталған жоқ.
Мектеп директорының орынбасары В.Т.Байгашева ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ата-аналар мектеп мәзіріндегі котлет, қайнатылған макарон, сәбіз салаты, жеміс шырыны, ірімшік қосылған қара бидай нанын дәмін көрді. Барлығы дәмді, балғын екенің айтты.
Асхана қызметкерлерінің жұмыс күні таңғы сағат 7-де басталады, сағат 8-де не медицина қызметкері, не әкімшілік өкілі келіп, дайындалған тағамның сынамасын алып, үлгілерді талапқа сай қоймаға қояды (бұл үлгілер тоңазытқышта 48 сағат сақталады).