Ерекше білім қажет ететін оқушыларымен жүргізілген жұмыс ақпараты
23 ақпан күні 2021-2022 оқу жылы мектеп психологтары Ойшиева Г.Д., Тотаева Л.К. ерекше білім қажет ететін оқушылармен С. Кооса кубиктері әдісі бойынша көрнекі және тиімді, вербалды емес интеллекттерін анықтау мақсатында жұмыс жүргізді. Қатысқан оқушылар саны - 6. Оқушыларға арнайы 4 түстен тұратын кубиктер ұсынылды, оқушылар өздері түсіне қарай таңдау жасады. Әр тапсырманы орындау үшін бірнеше арнайы карточкалар арқылы оқушылар 16 кішкентай кубиктерді жинақтады. Оқушылар диагностикаға белсенді қатысты. Тапсырманы бірден түсіну аса қиындық тудырмады. Психологтар бірнеше рет ерекше білім қажет ететін оқушыларға көрсетіп, түсіндірді, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қиындатылды. Жалпы ерекше білім қажет ететін оқушылар берілген тапсырманы толығымен орындады. Диагностика нәтижесі бойынша қатысқан оқушылардың вербалды емес интеллекттері орташа деңгейде дамығаны аңықталды.