02
февраль
2022
“Мамандықтың бәрі жақсы” / тақырыбында ашық сабақ өтті. “Шашты” әңгімесін өтті.
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы өтіп жатыр. Іс-шара жоспарына сай ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шаралар, шеберлік сыныптар, коучингтер, тренинг- семинарлар ұйымдастырылуда. 2022 жылдың 24 қаңтар күні 6”Б” сыныбымен пән мұғалімі Қылышбекова Қ ZOOM платформасында “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларға әртүрлі салаға байланысты мамандық түрлерін көрсете отырып , бүгінгі тақырыптың мамандық туралы болатынын айтты. Оқушылар өздерінің болашақта кім болғылары келетінін жарыса жауап берді. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріліп, оқушылар тапсырманы өз деңгейінде орындады.
2022 жылдың 25 қаңтар күні 10 ”А” сыныбымен пән мұғалімі Адибаева Р.Б. А.Кемелбаеваның “Шашты” әңгімесін өтті. Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманы сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну , көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау, даралау . Оқушылар әңгіменің мазмұнын жақсы түсінгендері тапсырма орындау барысында айқын көрініп тұрды. Оқушылар топқа бөліну арқылы шығармаға композициялық талдау жасады .Әр топ өз ойларын қосып , бірін-бірі толықтырып отырды. Әр тапсырмадан кейін бағалау жұмысы жүрді . Концептуалдық кесте бойынша басты кейіпкерлерге топпен талдау жасады. Әр топ өз кейіпкерлерінің бейнесін, іс-әрекетін талдай отырып баға берді. 28 қаңтар күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтанқұлова А.С. ZOOM платформасында ”Қашықтықтан оқытуда оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын белсенді оқытудын әдіс-тәсілдері арқылы дамыту" тақырыбында вебинар өтті. Мұғалім өз тәжірибесінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді айтып, мысалдар келтіріп, тиімділігіне тоқталды