10
февраль
2022
«Мұхтар Әуезовтің мұражайы» тақырыбында ашық сабақ өтті.
2022 жылдың 7 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жуманова Гүлнұр 3 «Б» сыныбында «Мұхтар Әуезовтің мұражайы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: анық айтылған сөздерді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқаларды орындау және оқыған / аудио/ бейне материалдардың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу. Сабақта оқушылар суреттер арқылы қандай тақырып өтетіні жайында болжам жасады. Бейнетаспа арқылы Мұхтар Әуезовтің мұражайымен танысты. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріліп, оқушылар тапсырманы өз деңгейінде орындады. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп,оқушылар сабақты қалай түсінгендерін көрсетті.