Ботқаның адам ағзасына пайдасы…
Ботқаны әсіресе, жыл мезгілдерінің ауысар шағында көбірек жеген дұрыс. Өйткені адам ағзасы дәл осы уақыттарда әлсіреп, дәрумендерге зәру күйде болады.
Ботқаның қай түрі болмасын адам ағзасына өте пайдалы. Әйтсе де олардың құрамына қарай адам ағзасына түрліше әсер етеді. Ботқаны әсіресе, жыл мезгілдерінің ауысар шағында көбірек жеген дұрыс екен.Өйткені адам ағзасы дәл осы уақыттарда әлсіреп, дәрумендерге зәру күйде болады. Сол себепті де осындай дәруменге бай ботқаларды дер кезінде әзірлеп жеп отыру қажет.
Қарақұмық ботқасы
Ботқалардың ішіндегі ең пайдалысы-осы қарақұмық ботқасы саналады. Себебі, ол дәрумендер мен минералды заттарға өте бай. Сондай-ақ құрамында 8дәрумені бар. Сондықтан да қарақұмық ботқасын көбіне жүрекқан тамырларымен ауыратындардың ас мәзіріне кіргізеді.
Қарақұмық ботқасын сүт пен қантсыз пісіріп жеген пайдалырақ. Сүт пен қант қарақұмықтың құрамындағы пайдалы дәрумендердің күшін жойып жіберуі мүмкін. Сонымен бірге қарақұмық ботқасын 6-8айлық нәрестелерге беруге болмайды. Мұндай тағамды олардың асқазаны көтере алмайды екен. Қарақұмықты бал мен түрлі көкөністерді қосып пісірсе өте дәмді болады. Айранмен араластырып жесеңіз де тәбетіңіз ашыла түседі.
Сұлы ботқасы
Сұлы ботқасы адамның көңіл күйін көтеретін және терінің қалпын реттейтін қасиетке ие. Н дәруменіне өте бай. Сондықтан да оны сұлулық ботқасы деп атайды. Егерде сұлы жармасынан жасалған ботқаны мөлшерінен артық жейтін болса оның теріс әсерлері болуы да мүмкін. Себебі, сұлыны көп пайдаланғаннан кальцийдің ағзамызға сіңуі қиындайды екен. Көбіне сұлы ботқасын ауруынан айыққан жандарға әзірлеп жеуді ұсынады. Себебі, ол ағзаға зиянды заттар мен дәрілердің артығын шығаруға әсер етеді. Сұлы жармасын сүтке қайнатып жегеннің пайдасы мол.
Күріш ботқасы
Көмірсуларға өте бай күріштен жасалған ботқаны жеген өте пайдалы. Әйтсе де ақ түсті күріш емес, оның қоңыр әрі қара түстісі пайдалырақ. Көбіне күріш ботқасын асқазан- ішек жұмысы бұзылғанда жеген дұрыс. Алайда сұлу бикештер мұндай ботқаны көбірек жейтін болса, әсем дене бітіміне зияны тиюі әбден мүмкін.
Арпа ботқасы
Қарақұмық және сұлыға қарағанда құрамында дәрумені аз болғанмен арпа аминқышқылына бай. Соның арқасында ол түрлі вирустарға қарсы тұра алатын қасиетке ие. Әсіресе тұмауды жұқтырмауға жақсы көмектеседі. Алайда арпа ботқасын дайындауға көбірек уақыт керек. Ең алдымен оны 10-12сағат бойы суға салып қою қажет. Кейіннен оны біраз қайнатып, тағы да 5-6сағат оттан алып қоямыз. Сонда ғана оның ағзасына берер пайдасы болады.
Тары ботқасы
Тарыны қайнатпас бұрын тазалап жуып алу қажет. Оның құрамында да адам ағзасына пайдалы заттар бар. Әсіресе тарыны жүрекқан тамырлары ауруларымен ауыратындарға әзірлеп жеген дұрыс.
Ұнтақ жармадан ботқа
Ұнтақ ботқасын( манная каша)ота жасатқан адамдардың ас мәзіріне кіргізеді. Өйткені ол тез дайындалып, әп-сәтте ақ пісіп қалады. Соның арқасында ол құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтпайды екен. Алайда балаларға берер пайдасы аз. Себебі, ұнтақ ботқасы балалардың сүйегіне өте керекті Д дәруменінің және темірдің сіңуіне кері әсерін тигізеді екен. Үлкендерге де дәл солай әсер етеді екен.
Мектеп медбикесы: Батиева Д.