Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі.
27
декабрь
2021

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі.

Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының тоқсандық есебі.

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің   «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және женілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет  қағидаларына сай 2021 – 2022 оқу жылында мектеп асханасында білім алушыларды бір мезгіл тегін және ата – ана есебінен тамақпен қамтуда атқарылған жұмыс нәтижесі қаралды.

       Аталған бағыт бойынша мектеп басшысының 02.09.2021 жылғы № 227 бұйрығымен жауапты маман болып бекітілген директордың оқу – тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары В.Т.Байгашева ақпараттық есебін берді. Атап айтсақ, жауапты маман өз есебінде І жартыжылдықта 68 аз қамтылған отбасынан шыққан 151 білім  алушылардың (балалардың ата – аналарынан) құжаттары  талабына сай жинақталып,   жұмыс жоспары құрылып, жоспар мектеп басшысымен бекітілгені туралы баяндай келе, жалпы 151 білім алушының ішінен әлеуметтік санаттарына қарай 5 (бес) білім алушы – жетім немесе ата – анасының қамқорлығысыз қалған болса, 13 (оң үш)  білім алушы педагогикалық кеңес шешімімен, ал 133 (жүз отыз үш) білім алушы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыдан шыққан.  

I ауысымдағы 1,6 - 11 сынып оқушылары 2,3,4 сабақтан кейін, II ауысым бойынша 2 - 6  сынып оқушылары 2-3 сабақтан кейін тамақтаңдырылып, асханада кезекшілік жасау кестесі құрылды.

       Баяндамашы жоғарыда аталған бұйрық негізінде құрамында 7 мүшесі бар тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия тобы мектеп асханасында балалардың ыстық тамақпен уақтылы қамтылуын апта сайын қадағалап, тексеріп отыратының, тексеріс нәтижелері жауапты маман тарапынан арнайы журналға тіркеліп отырылатынын баяндап өтті. 

       Сонымен қатар, ол өз есебінде қырқүйек айының басында медбикелер тарапынан мектепте білім алушылар арасында «Д» тобында есепте тұрған балалардың тізімі анықталып, олар оқу жылы бойы сабаққа түрлі себептермен келе алмай қалған білім алушылардың орнын алмастырып отыратының, сабаққа келмей қалған білім алушылар сынып жетекшілерінің көмегімен күн сайын алғашқы сабақтарда анықталып, оларды «Д» тобындағы білім алушылармен алмастыру жұмысы өз тарапынан жүргізіліп, мектеп медбикелері тарапынан қадағаланып отырғандығын, 2021 жылдың 21 қырқүйегінде мектеп әкімшілігі мектептің әлеуметтік қызметімен бірлесе отырып жоспарынан тыс мектеп асханасында білім алушыларды, оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы аясында мектеп асханасында балалардың ата – анасымен «Ашық есік күн» іс – шарасы ұйымдастырылғаның баяндап өтті. Ал қараша айында   Іс – шараның мақсаты жоғарыда аталып өткен мемлекеттік қызмет көрсету  қағидаларына сай білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата – ана есебінен тамақтану барысында дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен ата -  аналарды таныстыру болды. 19 қарашамен – 23 қараша аралығында «Дұрыс тамақтану»  онкүндігі  өтті. Сынып жетекшілер сыныптарында тәрбие сағаттар өткізіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив