Мектеп асханасында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ 197 Бұйрық
Меркі ауылы 27 тамыз 2021 жылы
Мектеп асханасында білім алушылар
мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына
тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды
ұйымдастыру туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4 – бабының 21) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын», «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысының 1 тармағын және Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 1041 хатың басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 Қаулысына сәйкес мектеп асханасының жұмысы ұйымдастырылсын.
- Ауыз су режимі сақталсын (ауыз су, оның ішінде ыдыстарға құйылған немесе бөтелкеге құйылған су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талабына сәйкес, қайнатылған ауыз су үш сағаттан артық пайдаланылмасын);
- Асхана тамақтану залының отыратын орындары жобалық қуатына қарай толтырылсын;
- Асханада оқушыларға өзіне-өзі қызмет көрсетуге тыйым салынады;
- Асханаға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынсын.
- Мектеп бойынша аз қамтамасыз етілген 71 отбасы оқушыларына қырқүйек айынан бастап мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақ берілсін.
- 2021 - 2022 оқу жылында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 1-11 сынып оқушылардың тізімі бекітілсін. Жауапты: 1 -11 сынып жетекшілері (Қосымша № 1 тізім тіркелген).
- І ауысымда аз қамтамасыз етілген отбасы балалары (1,7-11 сыныптар) сағат 10.15, 10.30, 11.00, ІІ ауысымда (2-6 сыныптар) сағат 14,40, 15.25, 16.10 тамақтаңдырылсын.
- Асханадағы мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің және кіші қызметкерлердің кезекшілік кестесі бекітілсін.
- Осы бұйрықтың орындауын қадағалау директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Т.Байгашеваға жүктелсін.
Мектеп директоры: Г.Е.Тлеубердиева