Мемлекеттік көрсетілетінқызмет қағидаты бойынша басшылыққа алынатын нормативтік – құқықтық құжаттар бойынша түсіндіру. » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік көрсетілетінқызмет қағидаты бойынша басшылыққа алынатын нормативтік – құқықтық құжаттар бойынша түсіндіру.
09
сентябрь
2021

Мемлекеттік көрсетілетінқызмет қағидаты бойынша басшылыққа алынатын нормативтік – құқықтық құжаттар бойынша түсіндіру.

Орта білім беру ұйымдарында "Жалпы білім беретін мектептердегі  білім     алушылармен тәрбиеленушілердің   жекелеген санаттарына тегінжәне жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетінқызмет қағидаты бойынша басшылыққа алынатын нормативтік – құқықтық құжаттар бойынша түсіндіру.



            Тамыз айында № 17 Иван Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында педагогикалық кеңес өтті. Мектеп директоры Тлеубердиева Г.Е. орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша басшылыққа алынатын негізгі 5 нормативтік – құқықтық құжаттармен таныстырды. Олар: ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы (2015 жылғы 25 сәуірдегі № 326 қаулымен толықтырулар енгізілген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтарындағы № 64 Қаулысы (2012 жылғы 22 ақпандағы № 255 қаулымен өзгерістер енгізілген), ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығы 6-қосымша (2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 бұйрығымен   өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (2017 жылғы 22 ақпандағы № 76), ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. 

            Көрсетілетін  қызметті алушы жүгінен кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін ДОІЖО Байгашева В.Т. айтып кетті:

            Көрсетілетін қызметті берушіге:

  1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидатына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
  3. Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі(жеке сәйкестендіру үшін қажет); 
  4. 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
  5. Мәртебесің дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:

        мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

         жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);

         отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;

          төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін – төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

          білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылармен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін – отбасының материалдық - тұрмыстық ахуалын зерделеу, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ұсыну туралы білім беру ұйымының алқалық органның шешімі.

         Сонымен қатар, «Орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.

          2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығының 78-81 тармақшаларының талаптары туралы да тоқталып өтті.   «Білім беру объектілеріне қойылатын  санитариялық –эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығының 7-8 тарауларымен  пайдаланамыз.

             Сонымен, 2021 – 2022 жылы қырқүйек айынан бастап мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтылады, оның ішінде 159 оқушы тегін, 2047 оқушы ата – анасының есебінен. 159 оқушының ішінде: мемлекеттік АӘК алатын отбасыдан шыққан – 149 оқушы, жетім және қамқоршылыққа алынған – 5 оқушы, педагогикалық 

кеңестің шешімімен – 5 оқушы қамтылды.




         Қауылы:


  1. № 17 Иван Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру барысында 5 нормативтік – құқықтық құжаттар басшылыққа алынсын.


  1. Сынып жетекшілер тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін білім алушылардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізсін. 

Байгашева В.Т.

                                                                                                              Тамыз 2021

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив