25
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Жетістіктің тарихы" тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының Кеңесі Басшысының орынбасары Қаймолдаев Нұрлан Жамбылханұлымен кездесу өтті. Кездесуге 11-сынып оқушылары қатысты. "Артықша туған азамат, халыққа үлкен бел болар" демекші, Нұрлан Жамбылханұлы жас та болса, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген азамат, біздің жерлесіміз, мектебімізден түлеп ұшқан мақтанышымыз. Бұл кездесуде Нұрлан Жамбылханұлы тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген жетістіктер, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет игілігі жолында жасаған тарихи сәттер туралы деректер келтірді.
Жастарға өз ұлтын сүйіп, Отансүйгіш болуға, ата-бабадан мұра боп қалған ұланғайыр жерімізді, ана тілімізді сүюге шақырды. "Жетістікке жетудің сыры-өзіңе талап қойып, оған жетуде талмай еңбек етуде" деді.
"Ақыл керек білім таңдап аларға, Білім керек жақсы іске қарауға" деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, жастарды білім мен ұлттық құндылықты бойына сіңірген заманауи тұлға тәрбиелеу-заман талабы. Бүгінгі кездесуден жеткіншіктер бойында еліне, жеріне, ұлтына деген сүйіспеншілік, болашаққа деген нық сенім пайда болды.