Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты
25
ноябрь
2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты

Ұлттық мәдениетіміздің бір тармағы ата-баба мұраларынан сыр шертетін, олардың қалдырған өнегесін кейінгі ұрпаққа танытар тарихи-мәдени ескерткіштер екені бәрімізге мәлім. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Жәдігерлер сыр шертеді"  атты тақырыбында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері Меркі ауданында орналасқан тарихи жәдігерлер мен ескерткіштерді бейнесаяхат арқылы таныстырды. Қырғыз Алатауы бөктерінде орналасқан Меркі жерінің тарихы сонау түркі замандарынан бастау алатындығын дәлелдейтін, тарихынан сыр шертетін балбал тастар, петроглифтер, ерте темір дәуірінің обалары, VII ғасырда пайда болған Меркі қалашығының орны және атақты Аспара қалашығы, Сыпатай батыр кесенесі туралы тарихшы ұстаздар баяндады. Аудандық маслихат депутаты Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы "Жәдігерлер сыр шертеді" бейнебаянын мектебіміздің оқушыларымен бірге тамашалады. 
Тарихи жәдігерлер қашанда келер ұрпаққа қызмет етуі тиіс екенін ескере отырып, сан мың жылдық тарихты бір арнаға тоғыстырған бейнебаяннан оқушылар туған өлкеміздің тарихы, жәдігерлерімен терең танысты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив