25
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Талант-табиғаттан, талап-өзіңнен" атты тақырыбында еліміздің мақтанышы, жамбы атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Түркияда, Венгриядағы өткен халықаралық мергендер сайысына қатысушы, "Ұлы дала ойындары" фестивальінің жеңімпазы, "Алтын тұғыр" иегері, сұрмерген Елдос Бадашевпен кездесу өтті.
"Батыр елдің сәулеті" демекші, халқы қадірлеген осынау азаматтың өзіміздің жерлесіміз, алтын ұя мектебіміздің түлегі екенін мақтанышпен айта аламыз.
Елдос әңгіме барысында бала кезден садақ атып, жастайынан спортқа құмартып өскенін тілге тиек етті. Кездесу кезінде оқушылар Қазақстандағы спорт, ұлттық спорттың бүгіні туралы сұрақтар қойып, сұхбат жүргізді.
"Тұлпар-алысқа, жігіт-намысқа шабады" демекші, талай дүбірлі додада еліміздің намысын қорғап жүрген Елдостың өнегелі әңгімесі талай оқушының санасына ой салып, шабытына қамшы салғаны анық.