23
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар
2021 жылдың 10 қарашасы күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі ауданының Құрметті азаматы, Меркі аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, өмірін өлеңмен өрнектеген ақын Шырын Мамасеріковамен кездесу өтті. Кездесу "Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды" тақырыбына арналды. Кездесу барысында Шырын апамыз оқушыларға өзінің шоқтығы биік шығармаларын оқып беріп, өмірден түйген өнегелі ойларымен бөлісті.
Шырын Мамасерікова-барша қазақ оқырманының аяулы ақыны. Қазақтың қара өлеңіне қанат бітірген ақынның ғибратты әңгімесі сөз қасиетін түсінетін жастарға ой салары анық. Ақын балаларды дәстүр мен мәдениетті сақтай білетін ұлтжанды азамат болуға және ұлттық құндылығымызды қайнар бұлағы көркем шығармаларды оқуға кеңес берді. Сондай-ақ оқушылар мен ақын арасында төмендегідей ұсынымдар жасалды:
-Көркем сөздің құдіретін танытатын әдеби, тарихи шығармаларды оқу;
-Жастарды адамгершілік құндылықтың алтын қазығы-мейірімділік пен кішіпейілділік қасиеттерге баулу.