23
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Жетістіктің тарихы" тақырыбында ардагер ұстаз, "Еңбек даңқы"," Оқу ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері Оразаева Тұрсын Оразайқызымен кездесу өтті. Кездесуге 8-сынып оқушылар қатысты. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп хәкім Абай айтпақшы, Тұрсын Оразайқызы өмірінің 45 жылын балаларға білім мен тәрбие беруге арналған ардақты ұстаз.
Әр сабағы боп өтетін тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын,
Мейлі есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн.
Бүгінгі таңда ұлағатты ұстаздың өнегелі мектебінен өткен Шора Дәуіт сияқты шәкірті ұстазының жолын қуып, мұғалім боп жатса, ел тізгінін ұстап биік белестерден көрініп жүрген шәкірттері де баршылық. Кездесу барысында Тұрсын Оразайқызы оқушыларға халқымыздың келешегі, ұлттық құндылықтар, білім мен тәрбиенің маңызы төңірегінде ой қозғады. "Жаһандану заманында бәсекеге қаблетті болудың көрсеткіші біліммен өлшенеді"-деді.
Ұстаз сөзі-шәкірт бойына қуат, өміріне жол сілтер жанған шырақ. Олай болса, ұлағатты ұстаздың бүгінгі өнегелі әңгімесі оқушылар бойында адами құндылықтарды сіңіріп, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыра алды.