23
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты іс-шаралар
2021 жылдың 8 қарашасы күні, Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Құндылық-адам жанының алтын арқауы" тақырыбындағы жақсылықтың жаршысы, қайырымдылық пен игі істердің ұйытқысына айналған, алты бала тәрбиелеп отырған Тұрлыхожаевтар отбасының үздік бейнебаяны өтті. Тәрбие негізінің алтын деңгегі-Отан. Ал Отан отбасынан басталады. Демек, тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Тұрлыхожаевтар отбасы балаларды тәрбиелеуде елін, жерін сүюге, тектілікті, ата-баба дәстүріне адалдықты сіңіруді, ұлттық құндылықты басты мұрат тұтады.