Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата-аналарымен жүргізілген сауалнама қорытындысы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша мектептің әлеуметтік педагогтары тарапынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата-аналарымен жүргізілген сауалнама қорытындысы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының әлеуметтік педагогтары ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата-аналарымен сауалнама жүргізді. Мақсаты: ата-аналардың мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы ой-пікірін білу. Сауалнамаға қатысқан ата-аналар саны – 40. Сауалнама қорытындысы төмендегідей:
1-сұрақ бойынша «Асхана тағамының сапасына көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 100% - «иә» деп жауап берді.
2- сұрақ бойынша «Ыстық тамақпен балаңыз жиі тамақтана ма?» деген сауалға 100% - «үнемі» деп жауап берді.
3-сұрақ бойынша «Асхана тағамдарынан балаңыз нені ұнатады?» деген сауалға 100% - «ыстық тағамдарды» деп жауап берді.
4- сұрақ бойынша «Асхана мәзіріне көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
5- сұрақ бойынша «Асхананың санитарлық жағдайына көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
6- сұрақ бойынша «Асхана жұмысына сіздің беретін бағаңыз» деген сауалға 100% - «өте жақсы» деп жауап берді.
7 сұрақ бойынша «Залды безендіру, үстелдердің, жихаздардың орналасуы көңілге қона ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
8 сұрақ бойынша «Сізге мектеп асханасында не ұнамайды?» деген сауалға «көңіліміз толады» деп - 100% жауап берді.
9 сұрақ бойынша «Неге балаңыз ыстық тамақпен тамақтанбайды?» деген сауалға «үнемі тамақтанады» деп - 100% жауап берді.
10 сұрақ бойынша «Қандай ұсынысыңыз бар?» деген сауалға «ешқандай ұсыныс жоқ» деп - 100% жауап берді.
Сауалнама қорытындысы бойынша ата-аналар асхана жұмысына көңілдері толады, ешқандай ұсыныс айтылған жоқ.