Ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы бойынша мектептің әлеуметтік педагогтары тарапынан бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен жүргізілген сауалнама қорытындысы
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының әлеуметтік педагогтары ыстық тамақпен қамтылған оқушылармен сауалнама жүргізді. Мақсаты: әр оқушының мектептегі ыстық тамақтың берілуін сауалнама жүргізу арқылы ой-пікірін білу. Сауалнамаға қатысқан оқушылардың саны – 65. Сауалнама қорытындысы төмендегідей:
1-сұрақ бойынша «Ыстық тамақты үнемі ішесіз бе?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
2- сұрақ бойынша «Асхана тамағы ұнай ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
3-сұрақ бойынша «Үзілісте тамақтанып үлгересің бе?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
4- сұрақ бойынша «Асханаға көңілің тола ма? » деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
5- сұрақ бойынша «Залды безендіру, үстелдердің, жихаздардың орналасуы көңілге қона ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
6- сұрақ бойынша «Сіздің асхана тазалығына көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
7 сұрақ бойынша «Күнделікті ас мәзірі сіздің көңіліңізден шыға ма?» деген сауалға 100% - «Иә» деп жауап берді.
Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар асхана жұмысына көңілдері толады, ешқандай ұсыныс айтылған жоқ.