Мектепте тамақтандырудың жағдайы » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте тамақтандырудың жағдайы
26
октябрь
2021

Мектепте тамақтандырудың жағдайы

№ 17 Иван Трубицын атындағы ЖББМГ   

«Мектепте тамақтандырудың жағдайы»

Анықтама

              Иван Трубицын  атындағы жалпы білім беретін № 17   мектеп- гимназиясында  тамақтандыруды ұйымдастыру іс-шаралары жақсы қамтылған.   Барлық бала ыстық тамақпен  тамақтанады, оның ішінде  159 оқушы тегін, қалған оқушылар ата – аналардың есебінен.

          Тамақтану сапасы  құрамын міндеті түрде мектептің медициналық пунктінің  медициналық қызметкері  тексереді, бракераждық комиссия бақылайды. Бракераждық комиссияның рұқсатынсыз дайын өнімдерді асханаға жіберуге жол берілмейді. Күнделікті  жұмыс күнінің басында мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін  іріңді аурулар, ангина бар-жоғына тексереді және Денсаулық журналын жүргізеді.     Сонымен қатар ас блогына түсетін тез бұзылатын өнімдердің сапасын анықтайтын сертификаттар талап етіледі.   Асханада сыныптардың тамақтану уақыты мектеп директорының келісімімен бекітілген.

         Асхана бұрышы: күнделікті ас мәзірі, тамақтан уланудың алдын - алу, оқушының жеке бас гигиенасы, аспазшы кеңесі, жедел ішек ауруларының алдын - алу туралы жаднамалармен безендірілген. Ас мәзірі қайталанбайды,   оқушылардың денсаулығына пайдалы көкөністерден әртүрлі салаттар жасалып тұрады. Тамақтану бөлмесінде жеке үстелде қайнаған ауыз су күні бойы үзілмейді. Қолданылған және таза стақандар  арнайы табақта тұрады. Мектеп медбикесі оқушылардың дұрыс тамақтануын және тағамдардың дұрыс дайындалуын үнемі қатаң қадағалап отырады. Асхананың жұмысы, тамақтың сапасы, оқушылардың дұрыс тамақтануын бракераждық комиссия қадағалап отырады және бракераж комиссиясының актілері арнайы журналға тіркелген.

Мектеп асханасы орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған. Ыдыс жууға арналған щеткалар мен шүберектер жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады, жуу құралдарын қосу арқылы температурасы +45оС ыстық суға салынады, ағынды суда шайылады және кептіріледі.

   Жұмыс күнінің соңында барлық асханалық, шай ыдыстары, аспаптар дезинфекциялау ерітіндісіне салынады, содан соң ыдыс ағынды сумен мұқият шайылады. Таза асханалық ыдыс пен аспаптар шкафтарда және торларда сақталады.  Асхана жұмыскерлеріне жеке және арнайы киім мен аяқ киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін және киім ауыстыруға арналған шкаф бар.


Асхананың әр жұмыскерінің медициналық тексеріп-қараудан өткендігі, гигиеналық оқытылғаны және жұмысқа жіберілгені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшасы бар.


                                                              Дайындаған:   ДОІЖО Байгашева В.Т.

                                                                   Қазан  2021
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив