27
март
2026
Білім көкжиегі: Тәжірибе мен инновация тоғысы

Білім көкжиегі: Тәжірибе мен инновация тоғысы
26 наурыз күні мектебімізде айтулы кәсіби даму күні өтті! Өзара ынтымақтастық меморандумы аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының білікті тренерлері ұстаздарымызбен тәжірибе бөлісіп, ауқымды семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында заманауи білім берудің ең өзекті бағыттары бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды:
Құндылыққа негізделген білім: ҚМЖ-ға «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын кіріктіру және қалыптастырушы бағалау мен PISA, PIRLS тапсырмаларын сабаққа тиімді енгізу жолдары қарастырылды.
(Тренер: Кулен Фарида Жумабековна)
Ғылым мен технология: Ғылыми жоба жазу үлгілері, эксперименталды алаң жобаларын тиімді басқару және Цифрлық педагогикадағы STEM, STEAM, EdTech жобаларын жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
(Тренер: Абдикеримова Назира Жорабековна,Бейсенкулова Андия Ахбергеновна)
Болашақ технологиясы: Сабақ барысында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін мұғалім жұмысын жеңілдету және сабақ сапасын арттыру үшін тиімді қолдану әдістері үйретілді.
(Тренер: Избасаров Ербол Хусаинович)
Тренерлер мен мұғалімдер арасындағы еркін пікір алмасу өте жоғары деңгейде өтіп, әр педагог өз қорж