14
январь
2026
«ЖИ цифрлық платформаларды зерделеу»

📍2026 жылдың 14-ші қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазіргі білім беру жүйесінде «ЖИ цифрлық платформаларды зерделеу» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында баяндама ұсынылды.
📌Баяндама барысында білім беру үдерісінде қолданылатын жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктері, олардың оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы, білімді дербестендірудегі және мұғалім жұмысының тиімділігін арттырудағы рөлі қарастырылды. Сонымен қатар, сабақ жоспарлау, тапсырма дайындау, кері байланыс беру және бағалау жұмыстарында ЖИ құралдарын пайдалану тәжірибелерімен бөлісілді.
📌Тәжірибе алмасу кезінде цифрлық платформаларды қолданудың артықшылықтары мен кейбір шектеулері талқыланып, оларды тиімді әрі қауіпсіз пайдаланудың жолдары ұсынылды. Баяндаманың қорытындысында жасанды интеллектке негізделген платформаларды оқу процесіне жүйелі енгізу білім сапасын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-тәжірибе бөліскен мұғалімдер : Сапиев Нұржан Октябрьбекұлы
Таубай Ұлбосын Пердебекқызы