12
ноябрь
2025
“Lesson Study: қиындықтар мен факторлар және оны шешу жолдары” Семинар-тренинг


“Lesson Study: қиындықтар мен факторлар және оны шешу жолдары”Семинар-тренинг
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қазан айында Lesson Study әдісі бойынша 1-ші айналымнан кейін пән мұғалімдерімен семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында LS сабақты зерттеу бойынша фокус-топтар қызметінің тиімділігі, сондай-ақ Lesson Study үдерісінде кездескен қиындықтар мен кедергілер талқыланып, оларды шешудің жолдары қарастырылды.
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдерін талдады.
🔹 Мақсат – фокус-топтардың бірлескен жұмысы арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқыту сапасын арттыру.
🔹 Нәтиже – ынтымақтастық, өзара тәжірибе алмасу және тиімді зерттеу мәдениетін қалыптастыру!