13
октябрь
2025
«Адал азамат» еминар-тренинг өткізілді




🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы 6 негізгі құндылықты тәрбие сағаттарының қысқа мерзімді жоспарына кіріктіру жолдары бойынша семинар-тренинг өткізілді.
📌Семинар-тренингтің мақсаты – сынып жетекшілеріне тәрбие сағаттарын тиімді жоспарлау, құндылықтарды ҚМЖ-ға дұрыс енгізу әдістерін үйрету және практикалық көмек көрсету.
📍Іс-шара барысында:
- «Адал азамат» бағдарламасының мазмұны мен құндылықтары таныстырылды;
- Құндылықтарға сәйкес дәйексөздер мен тәрбие сағаты тақырыптарын жоспарлаудың үлгісі көрсетілді;
- Қатысушылар ҚМЖ үлгілерін талдап, тәжірибе алмасты;
- Әрбір құндылықтың тәрбиелік маңызы мен сынып сағатында қамтылу жолдары түсіндірілді.
Іс- тәжірибелерімен бөліскен сынып жетекшілер:
Исманкулова А.Т., Тұрсынова Т.Е., Ярных Ю.М., Оразова А. Т. Қатысушылар тарапынан белсенділік байқалып, тиімді кері байланыс берілді.