24
ноябрь
2021
"Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары" Жанаханова Раушан Жұмаділқызы коучинг өткізді.
Иван Трубицын атындағы √17 жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында жас мамандар арасында "Қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді жоспарлаудың жолдары" тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Жанаханова Раушан Жұмаділқызы коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты - қысқа мерзімді жоспарды тиімді құру және оқыту мен оқудағы тәсілдерді өз тәжірибесіне ықпалдастыру, оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдерін тиімді байланыстыруды үйрену. Коучинг барысында ҚР БҒМ 2021 жылғы 16 қыркүйектегі √472 бұйрығының 2-қосымшасындағы мұғалімдер үшін міндетті құжат болып табылатын қысқа мерзімді жоспар құру және тиімді Smart мақсат қою арқылы тапсырмаларды сабақта қолдану слайд арқылы көрсетілді. "Тиімді ҚМЖ құрудың 5 қағидасы" атты бейнеролик көрсетіліп, сол бойынша жас мамандар өздері жоспар құрып, кері байланысқа шықты.