26
август
2025
2025-2026 оқу жылы – жаңа белес!



📚 2025-2026 оқу жылы – жаңа белес!
📍 Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясында
“Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары” тақырыбында №1 педагогикалық кеңес өтті.
👩🏫 Кеңеске “Өрлеу” БАҰО” АҚ Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Райымбекқызы Ақжарқын, аудандық білім бөлімінің әдіскері Байтулекова Жанар Болатқызы қатысты.
🔎 Жиын барысында:
• Жаңа оқу жылының негізгі бағыттары
• «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
• Жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу
• Білім сапасын арттыру жолдары
• Педагогтердің кәсіби даму мәселелері қаралды.
✨ Жаңа оқу жылы табысты басталып, тың идеялар мен нәтижелі жұмысқа жол ашсын!