04
сентябрь
2025
Бексұлтанова Мадина Болатқызы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің 2025 жылғы 03 қыркүйектегі №344-Ж/Қ бұйрығымен «Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Бексұлтанова Мадина Болатқызы тағайындалды.🔹1992 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің "қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.
🔹Еңбек жолын 1992 жылы Меркі ауданы білім бөлімінің №44 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
🔹2002 – 2004 жылдары №1 орта білім беретін мектебінде директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004 -2010 жылдары Меркі аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі, 2010 – 2011 оқу жылы №44 орта білім беретін мектебінің директоры, 2011-2021 аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясының (ресурстық орталығы) директоры лауазымдық қызметін атқарды.