03
март
2026
Буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл


“ДосболLike” жобасы аясында мектебімізде буллингтің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сынып жетекшілермен маңызды жиналыс өтті.
Жиын барысында білім алушылар арасында кездесетін буллинг түрлері, оның алдын алу жолдары, психологиялық қолдау көрсету тетіктері және ата-анамен бірлескен жұмысты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әр сыныпта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру, сенім жәшіктерінің жұмысын жандандыру, оқушылармен жеке және топтық профилактикалық жұмыстар жүргізу бағыттары нақтыланды.
Мақсат – қауіпсіз әрі мейірімді білім беру ортасын қалыптастыру, әрбір оқушының құқығын қорғау және өз ойын еркін жеткізе алатын орта құру.
Бірге әрекет етсек қана буллингке жол бермейміз! 💙