15
сентябрь
2025
Буллингтен қорған!



📌 Буллингтен қорған!
📍 Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы
📅 15.09.2025 ж.
Бүгін мектебімізде «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен зардаптарын ашып көрсету, және одан қорғану жолдарын үйрету.
🗣 Сынып сағатында балалар өз ойларын ортаға салып, шынайы өмірден мысалдар келтірді. Психологиялық жаттығулар мен видеоматериалдар арқылы буллингтің алдын алу жолдары қарастырылды.
🤝 Оқушылар арасында өзара сыйластықты арттыру, бір-біріне мейірімді болуға, қолдау көрсетуге бағытталған іс-шара — үлкен тәрбие мектебі болды.
🔔 Есіңізде болсын!
➡ Біреуді мазақ ету — ерлік емес,
➡ Қолдау көрсету — нағыз батырлық!