«Буллинг және кибербуллинг»
6 «Ә» сыныбында «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында өткен тәрбие сағаты бойынша ақпарат
Жоспарға сәйкес наурыз айының 3 күні 6 «Ә» сыныбында «Буллинг және кибербуллинг» таұырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты оқушыларға Миға шабуыл (бейнеролик) көрсетуден басталды. Бейнероликтен кейін келесі сұрақтар қойылды:
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?
Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?
Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтірді. Оқушылар төмендегідей жауап берді:
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу, оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату, оны елемеу немесе жекелету, ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою, ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру, қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту. Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп атап өтті. Сондай ақ сынып жетекші нақты таұырып бойынша анықтама ақпарат беріп толықтырды, оқушылар өздерінің тарапынан кибербуллинг кезінде достарына қалай көметк көрсетуге болады деген сауалға жауап беріп ой бөлісті. Тәрбие сағатын Кибербуллингке тап болмас үшін, өз-өзімізді еркін,ашық ұстап, алаяқ достар емес шынайы дос табайық ! деген ұранмен қорытындылады.