Буллингтін алдын алу
Иван Тубицын атындағы №17 ЖОББМГ жас өспірімдердің арасында буллингтің алдын алу мақсатында 10 «Г» сынып оқушыларына «STOP буллинг» тақырыбында сынып жетекші М.Н.Даниярова түсіндірме жұмысын жүргізді. Қоғамда буллинг күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты өршіп барады. Қазір Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасында болып жатқан қорқыту мен зорлық-зомбылықтар педагогтер мен ата-аналар, құқық қорғау органдарын алаңдатуымен қатар, жас өспірімдер арасында айтылып, дабыл қағу басталды. Шара барысында балалар арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу, сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу түсіндірілді, тақырыпқа сай презентация көрсетілді.