17
апрель
2023
«Дарынды баламен жұмысты ұйымдастыру жолдары»
2023 жылдың 14 сәуірінде Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясының базасында Меркі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Дарынды баламен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинар мақсаты - дарынды балаларды анықтау, қабілеттерін дамыту, оларға қолдау көрсету мақсатында мектепте дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Семинарға директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары қатысты.
Іс-шара барысында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Иманбекова Л.Ж. «Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында дарынды балалармен жұмыс істеу барысының тиімді жолдарын айтып, озық іс-тәжірибесімен бөлісті.