«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
Қазіргі таңда елімізде жасөспірімдердің кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше, олар қызығып оқитын кітаптарды ұсынудың маңызы зор. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рейфжанова Альфия Рейфжанқызы 11 «Ә» сынып оқушыларына классик жазушы М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 4 кітабын оқуға ұсынды. Себебі кітап арқылы олар өздерінің бойына ақыл-ойдың інжу-маржанын жинайды. Білімнің қайнар бұлағынан сусындайды. Ой-өрістерін кеңейтіп, білімдерін арттырады. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша «Құнанбай – кері кеткен кер заманның жақтаушысы» тақырыбында пікірталас өткізді. Пікірталас барысында Д.Түркменбай, М.Реймбай, А.Ажеп, А.Тұрар, М.Ақылбекова, А.Есбер Абайдың әкесі Құнанбайдың эпопеядағы бейнесін жан-жақты талдап, креативті ойларын айтты.