Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
29
ноябрь
2018

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар.

1. Ұйымдастыру.
Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.
Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз..
Топтарымызды таныстырып өтейік.
Топтар өздерін таныстырады, яғни топтың атын қорғау.

1топ «Алғырлар»
Ұраны:
Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

2 - топ. «Білімділер»
Ұраны:
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І. Ой жүгірту.
ІІ.Көсемдікке ұмтылу.
ІІІ. Полиглот
ІҮ. Кім тапқыр?
Ү. Білеміңді шыңда.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Бағалайды әділқазы сіздерді.
Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? – деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.

Ал келіңдер, келіңдер!
Дұрыс жауап беріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Саудаласып көріңдер.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне.

І кезең «Ой жүгірту»
Мұнда оқушылар пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.
1топ «Алғырлар»
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)
4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)
5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)
6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)
7. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
8. Есту мүшесі не? (құлақ)
9. Көру мүшесі. (көз)
10. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)
11. Дәм сезу мүшесі. (тіл)
12. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
13. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б)
14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
15. Төрт бұрышта төрт мысық отыр, әрқайсысының алдында үш мысықтан отыр.
Бөлмеде неше мысық отыр? (4)
16. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)
17. Ұлыстың ұлы күні. (22 – наурыз)
18. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
19. 12 – сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)

2 - топ. «Білімділер»

1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)
2. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)
3. 720 – ны 9 есе кеміт. (80)
4. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
5. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)
6. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (куб см, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)
7. Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (Жерден қазып алып, қажетіне жұмсалатын тау жыныстары п/қ д. а.
8. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)
9. Кез келген сан мен 0 – дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)
10. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз. (туынды сөз)
11. Кез келген санды нөлге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)
12. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)
13. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)
14. Екі шахматшы 2 сағат шахмат ойнады.
Бір шахматшы неше сағат ойнады? (2 сағат)
15. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? (тазы)
16. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді? ата. (жанғыш, кенді, кенге жатпайтын)
17. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (газ, мұнай)

ІІ кезең Көсемдікке ұмтылу
Мақал сөздің мәйегі дегендей , бұл кезеңде мақал – мәтелдер айтып жарысамыз. Қане, қай топ көп мақал – мәтел біледі екен. Отан, туған жер, білім, ерлік, оқу, батырлық т.б.с.с
ІІІ. «Полиглот»
«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады.
Жұмбақтар:
1). Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга)
2). Падишадай жатысы бар,
Жолбарыспен шатысы бар. (мысық – кошка)
3). Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка)
4). Жылт – жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су – вода)
5) Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады. (Есік - двер)
6) Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте. (ұшақ – самолет).
IV. «Кім тапқыр»
Ендігі кезекті «Кім тапқыр» берейік. Әр топтың оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.
1. Еңбектің наны тәтті
2. Кітап білім бұлағы
3. Батыр бір өледі
4. Бірлік болмай
5. Әдепті бала
6. Қына тасқа бітеді
7. Жүз теңгең болғанша
8. Ашу дұшпан

Жүргізуші:
V - кезең: «Біліміңді шында»
Әр топтың топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
Жүргізуші:
Ашық – жарқын жүзді,
Әділқазы біздің.
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды, қалған топтарға ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.
Жүргізуші:
Алдыңызда әлі талай асу бар,
Асулардан қиналмай – ақ асыңдар.
Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,
Болашаққа батыл қадам басыңдар! – дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз . Назар қойып тамашала

 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
 Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Steve
16 января 2019 23:39
На нашем сайте вы можете найти все про Ledi-miledi.ru

�� ����� ����� �� ������ ����� ��� ��� Bonpost.ru
Wendy
9 марта 2019 20:10
На нашем сайте вы можете найти все про проверка техосмотра по еаисто официальный сайт
Dave
23 марта 2019 18:42
На нашем сайте вы можете найти все про кидалы