09
февраль
2026
“Қызылша” ауруының алдын алу


🔰Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп медбикелерінің қатысуымен 8-9сыныптар арасында “Қызылша” ауруының алдын алу мақсатында, мектеп медбикесі Батиева Д.М оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бейнерөліктер көрсетілді.
1. Қызылша- бұл жұқпалы вирустық ауру. Ол ауа арқылы(жөтелу,түшкіру, сөйлесу кезінде) жылдам таралады. Көбнесе қызылша ауруымен балалар ауырады.
2. Қызылша ауруының белгілері:
- дене қызуының көтерілуі
- жөтелдің пайда болуы
- көздің жас ағуы, қызаруы.
- денеге қызыл бөртпелердің пайда болуы.
3. Қызылша ауруының алдын алу үшін:
💉Ең тиімді қорғаныс- ол вакцина салдыру.
🧼 қолды жиі жуу.
😷. Ауру адамдармен жақын қарым қатынаста болмау.
🏡 Бөлмені жиі желдетіп тұру.
🍅 Дұрыс тамақтану, иммунитетті нығату.
Қорытындылау:
Қызылша ауруынан сақтанудың жолы, тазалықты сақтау және уақытылы вакцина салдыру аурудың алдын алу болып табылады.
Дені саудың - жаны сау.