«Оқушылардың білім деңгейін көтеруде ата-ананың рөлі» » ОШГ №17 имени Ивана Трубицына
Қабылдау бөлімі :
+7(726 32)2 19 93
Есепші бөлімі:
+7(726 32)2 19 93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушылардың білім деңгейін көтеруде ата-ананың рөлі»
01
март
2021

«Оқушылардың білім деңгейін көтеруде ата-ананың рөлі»

2021 жылдың 24 ақпанында Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылардың біліміндегі әлсіз тұстарын жою және білімін толықтыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес  6 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен «Оқушылардың білім деңгейін көтеруде ата-ананың рөлі» тақырыбында ZOOM платформасында семинар өткізілді. Семинарға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж. Иманбекова және  ата-аналар қатысты. Өткізілу мақсаты - қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың білім деңгейін көтеруде ата-ананың рөлін анықтау. Сынып жетекшісі Г.М.Суталиева ата-аналарға әлемге белгілі өнертапқыш және кәсіпкер, телефон, телеграф киноаппаратурасын жетілдірген «Томас Эдисонның» балалық шағынан үзінді көрсетіп, осы үзіндіден қандай ой түйгендерін сұрады. ZOOM платформасында ата-аналарды 2 топқа бөлді. Ата-аналар осы тақырыпқа  постер құрап, қорғады. Ата-ана Жексембиева А. баласының білім деңгейін көтеруде ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі мен үштіктің (мұғалім-оқушы-ата-ананың) байланыста болуын айтып өтті. Ал ата-ана Бейсебаева Р. А оқушылардың білім деңгейін көтеруде ең бірінші ізденіс, ерінбей еңбек ету, баланы қолдау және көмек беру керектігін айтты. Екі топтың ата-аналары кері байланыс жасап, бір-бірін бағалады. Семинардың соңында ата-аналардан «Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?» тақырыбында тест алынды.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив