07
январь
2026
«Көркем әдебиетті жаратылыстану пәндері арқылы оқытудағы заманауи тәжірибелер»



🔰2026 жылдың 5 қаңтар күні Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында
«Көркем әдебиетті жаратылыстану пәндері арқылы оқытудағы заманауи тәжірибелер» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді.
📌Семинардың мақсаты – көркем әдебиетті жаратылыстану пәндерімен кіріктіре оқытудағы заманауи педагогикалық тәжірибелерді тарату, пәнаралық байланысты тиімді жүзеге асыру жолдарын көрсету және мұғалімдердің шығармашылық-әдістемелік құзыреттілігін арттыру.
📍Іс-шараға мектеп директоры М.Б. Бексұлтанова алғы сөз сөйлеп, семинардың маңыздылығына тоқталды. Семинар барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж. Иманбекова «Оқитын мектеп – табысты мектеп» жобасы аясында өткізілген жұмыстар туралы айтты.
Пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, пәнаралық кіріктірудің тиімді жолдарын көрсетті. Атап айтқанда, физика, химия, математика, география пәндері бойынша көркем әдебиетті қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Өткізілген семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдануына оң ықпал етті.