07
январь
2026
«Мен оқыған бір кітап»




📚 «Мен оқыған бір кітап» – READx форматы аясындағы ерекше кездесу
2026 жылдың 5 қаңтарда Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кітапханашы А.А. Мырзагулованың ұйымдастыруымен «Мен оқыған бір кітап» атты READx форматы негізінде тағылымды іс-шара өтті.
Бұл кездесудің басты мақсаты – жас мамандар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, көркем әдебиет арқылы кәсіби және тұлғалық дамуға жол ашу.
🔹 Іс-шара барысында жас ұстаздар өздері оқыған кітаптардың мазмұнымен бөлісіп, ұстаздық жолындағы әсерлерін ортаға салды.
🔹 Кітаптан алған ой-түйіндерін әсерлі презентациялар арқылы жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Іс-шараға мектеп директоры М.Б. Бексұлтанова мен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Ж. Иманбекова қатысып, жас мамандарға қолдау білдіріп, олардың кәсіби өсуіне бағыт-бағдар берді.
✨ READx форматы арқылы қатысушылар кітапты терең түсініп қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізіп, ұстаздық көзқарастарымен бөлісті. Бұл – кітап оқу мәдениетін дамыту мен мұғалімнің үздіксіз дамуына жол ашатын маңызды алаң болды.