06
март
2024
Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясы мен Росийская Государственная Академия Интеллектуальной Собственности ЖОО Тараптар арасында меморандум жасалған. Ынтымақтастықты дамыту төмендегілер арқылы қолдау табады:

- Тараптар арасында бірлескен жұмыс үшін, соның ішінде «зәкірлі» ұйым ретінде, байланыстар орнатып, өзара алмасулар үшін жағымды жағдайлар жасау;
- бірлескен жобалар мен бағдарламаларды енгізуге және қоғамдық маңызды іс-шараларды (конференциялар, семинарлар, тренингтер, фестивальдар, форумдар, брифингтер, олимпиадалар, конкурстар, кездесулер) өткізуге ықпал ету;
- Тараптар арасында тұрақты түрде ақпарат алмасу;
Аталмыш меморандум негізінде білім алушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту мақсатында Росийская Государственная Академия Интеллектуальной Собственности ЖОО ұйымдастыруымен «XVI Международная олимпиада по интеллектуальной собственности для старшеклассников» олимпиадасы өтті. Мектебімізден 1 кезеңінен олимпиадаға қатысқан 10-11 сынып білім алушыларының арасынан 52 оқушы жеңімпаз атанып, 2 кезеңге жолдама алды.