02
июнь
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
2022-2023 оқу жылының мамыр айында "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру тұжырымдамасы аясында 6-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада ұйымдастырылды. Жобаның міндеті: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақстандық этностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау көрсету және ынталандыру. Олимпиада жеті бағыттан тұрады. "Өнер алды-қызыл тіл " бағыты бойынша 7 "В" сынып оқушысы Гаипова Мадина І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Дайындаған пән мұғалімі Умаралиева Г.К. Облыстық кезеңде жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.