18
май
2023
2022-2023 оқу жылының мамыр айында "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру тұжырымдамасы аясында 6-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада ұйымдастырылды
2022-2023 оқу жылының мамыр айында "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасын іске асыру тұжырымдамасы аясында 6-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада ұйымдастырылды. Жобаның міндеті: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру, танымдық, сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақстандық эностардың мемлекеттік тілді меңгерген жас өкілдерін анықтау, қолдау көрсету және ынталандыру. Олимпиада жеті бағыттан тұрады. "Өнерлі өрге жүзер" бағыты бойынша 6 "Д" сынып оқушысы Акнамурадова Айгерім І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Пән мұғалімі:Досмухамбетова А.К. "Бейнелеушілер" бағыты бойынша 8 "В" сынып оқушысы Докучаева Камила ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі:Алимкулова Ж.А. "Жас қаламгер" бағыты бойынша 9 "В" сынып оқушысы Шаев Амир І орынды иеленді. Пән мұғалімі:Бектіғұлова Н.М.