19
май
2022
Мамыр айының 12 күні "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасын 2022 жылы іске асыру тұжырымдамасы аясында аудандық "Мың бала" олимпиадасы өткізілді.
Мамыр айының 12 күні "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасын 2022 жылы іске асыру тұжырымдамасы аясында аудандық "Мың бала" олимпиадасы өткізілді. Жобаның мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, қазақ халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. "Өнер алды-қызыл тіл" бағыты бойынша 9 "Д" сынып оқушысы Каримова Аселя І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Пән мұғалімі: Толеушова Құралай Еділқызы. "Өнерлі өрге жүзер" бағыты бойынша 5 "Ж" сынып оқушысы Акнамурадова Айгерім ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі: Қылышбекова Қаламқас Сағынғалиқызы. Сахналық көрініс бойынша 8-сынып оқушылары ІІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі: Мирзагулова Гүлнұр Бауыржанқызы. Мұғалімдер арасында эссе жазу бойынша Жексембиева Алина Алтынбекқызы ІІ орынды иеленді. 9-11 сынып оқушылары арасында эссе жазудан 11 "В" сынып оқушысы Каримова Анеля ІІ орынды иеленді. Пән мұғалімі: Жанибекова Гүлдерай Бекбайқызы.