Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
2023 жылы 19 қырқүйек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.
Мектеп асханасында қырқүйек айында бір мезгіл тегін тамақпен 882 білім алушы тамақтанды. Асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Тағам ас мәзіріне сәйкес, бәрі нормаға сай беріледі. Дайындалған тағамның сапасы жақсы, дәмді. Қол жуатын раковиналар таза, қол кептіргіштер жұмыс істеп түр. Асхана қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ауыз су режимі сақталады, қайнаған салқындатылған су әр үш сағат сайын құйылады. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтайды. Тоңазытқыш – технологиялық жабдықтар жақсы жұмыс істеп тур, тексеру барысында тауар көршілестігі сақталған. Келген азық түлік сапасы жақсы, жарамдылық мерзімі сақталады. Пісіру цехында персоналдың қолын кептіру үшін бір реттік (қағаз) сүлгілер пайдаланады. Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар, қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термометрлер бар.
Ұсыныс:
1. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия тарапынан үздіксіз қадағалансын.